Ағылшын тіліндегі нәтижелеріміз
Біздің лицейдің 15оқушысы 8а,б сыныптардан  ағылшын тілі бойынша «Зияткерлер» бейіндік аусым мектебінің сабақтарына қатысты.Алдын ала құрылған бағдарлама бойынша оқушылар түске дейін сабақ оқып,түстен кейін қала бойынша саяхатқа шығып , мектепте түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылды.  Кешкісін ойын -сауық кештері өтті.Оқушыларға осы мектептегі өткізген уақыттары қызықты болды . Мектеп ұстаздары түрлі тақырыптарды өткізген соң, оқушылармен түрлі бақылау жұмыстар мен тестерді өткізіп отырды. Сабаққа ұдайы белсене қатысқандары үшін  оқушыларымыз I-дәрежелі  дипломмен Байболатов Ануар(8а),  Манликова Диана(8б) марапатталса,осындай II- дәрежелі  дипломмен Жалабаева Шырын(8а), III- дәрежелі дипломмен  Жанайдарова Жансая(8а) марапатталды.  «Үздік шығарма»  номинациясына  Саусаков Олжас 8а сынып оқушысы  ие болды. Слямова Наргизге, Байжұман Жанияға, Байболатов Ануарға ағылшын тілі курсына белсене қатысқандары үшін  «белсенділер» сертификаты  берілді.

 

Даналықтың,білімнің ,ізгілік еңбектің мерекесі.
5-қазан күні мектеп мұғалімдері таңертеңнен бастап таңқаларлық сезімде болды.Мектептің іші мерекелік көңіл-күйге толы болып,дәліз гүл шоқтарымен және шарлармен, ал баспалдақтың қанаты ленталы гүлдермен безендірілді. Бірінші қабатта, кіре берісте мұғалімдердің суреттері мен шәкірттердің ұстаздарға деген ізгі тілектері қабырға газетіне ілінді.
11-ші сынып түлектерінен директор,директор орынбасары,сабақ өткізетін мұғалімдер таңдап алынды. Мұғалімдер мен ата-аналардан 12-сынып тобы ұйымдастырылып,қызықты сынып сағаты өткізілді. Ата-аналарға түрлі жағдаятқа байланысты проблемалық тапсырмалар берілсе,ұстаздар тобына «Жаңа формация мұғалімі» жобасын қорғау тапсырылды.
 Бұл күн мерекелік концертпен аяқталды. Концертте 5-8 сынып оқушылары өз ата-аналарымен өнер көрсетті. Концертте сондай-ақ тамаша өлеңдер,билер,көріністер мен мұғалімдерге арналған тапсырмалар және жүрекке жол табар өлең жолдары ұсынылды.

 

«Тілге құрмет – елге құрмет» атты байқау өткізілді
            Тілдер мерекесі күніне орай Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын № 20 арнаулы лицейде «Қазақ тілін үйренейік» үйірмесіне қатысатын өзге ұлт өкілері арасында «Тілге құрмет – елге құрмет» атты байқауы өткізілді. Байқауға негізінен төмендегідей  жас мамандар қатысты :
 Бусыгина Татьяна Владимировна   – ағылшын тілі пәні мұғалімі;
Кузнецова Юлия Александровна – информатика пәні мұғалімі;
Титова  Кристина Владимировна -физика пәні мұғалімі;
Гмыза Дмитрий  Геннадьевич - математика пәні мұғалімі;
Попова Марина Сергеевна – география пәні мұғалімі;
Ластоверова. Джамиля Сабиркановна – математика пәні мұғалімі
Байқауға қатысушылар өзін таныстыру, үй тапсырмасын орындау, сұрақ-жауап, қазақ халқының салт-дәстүрлері сияқты турларда мемлекеттік тілді қаншалықты меңгеру шеберліктері мен біліктіліктерін  таныта білді. Әсіресе информатика пәні мұғалімі Кузнецова Юлия Александровна мен ағылшын тілі пәні мұғалімі Бусыгина Татьяна Владмировна  барлық тапсырмаларда тілді жақсы меңгергендерін көрсете біліп, байқаудың алғашқы турында-ақ суырылып алға шықты. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін және ұлттық тағамдардың қалай дайындалатынын да жақсы білетіндерімен ерекшеленді. Сондай-ақ Юлия өз қолымен әзірлеген бауырсағынан көпшілікке дәм татқызып, ризашылыққа бөленді.Байқау қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған Кузнецова Юлия Александровна жүлделі І орынды, Бусыгина Татьяна Владимировна ІІ орынды, Ластоверова Татьяна Владимировна ІІІ орынды иеленді. Байқаудың  жеңімпаздары болған жас мамандарымыз    Ю.А.  Кузнецова мен Бусыгина Татьяна Владимировна білімді де білікті әрі ізденімпаз екендіктерін үнемі көрсетіп келеді. Атап айтсақ, Бусыгина Татьяна Владимировна республикалық «Дарынды балаларға – талантты мұғалім» байқауында үш тілде еркін сөйлеп, өз білімі мен шеберлігін көрсетіп ,жүлделі ІІ орынды иеленді.
 Ю.А.  Кузнецова биылғы оқу жылындағы тамыз конференциясындаРҒПО«Дарын»  секциялық жұмысында информатика пәнін (қазақ, орыс сыныбында да) ағылшын тілінде өткізген өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, «Интегрированные уроки как способ активизации самостоятельной деятельности учащихся»» тақырыбымен   баяндама  жасады. «Информатика ағылшын тілінде» атты  электронды оқулығымен таныстырды. Педагогикалық еңбек өтілдері небәрі 2 жыл болған жас, талантты да ізденімпаз  ұстаздарымыздың шығар биіктері мен алар асулары әлі алда , жеңімпаз жас мамандарға «Білімдерің шыңдала берсін!» демекпіз.

 

«Ойдан бастап, нәтижеге дейінгі жол» атты әдістемелік фестивальдің өтілуі туралы ақпарат.
Бірнеше жылдар бойы лицейде тамаша бір  ой туып, іске асырылып келеді. Ол – әдістемелік фестивальдің өтілуі.
Осы дәстүрге байланысты 2013 жылдың маусым айында  «Ойдан бастап, нәтижеге дейінгі жол» атты әдістемелік фестиваль өтті. Фестиваль барысында сайыстар мен викториналар өткізіліп ұстаздарға қызықты және танымдық тапсырмалар ұсынылды. Одан кейін мұғалімдерге шешімін талап ететін күнделікті мектеп өмірінде кездесетін өмірлік оқиғалар туралы педагогикалық жағдаяттар ұсынылды.  Осы фестивальде әдістемелік бірлестіктер шығармашылық презентациялар, ой-өрісінің кеңдігін, тапқырлығын, ақылдылығын көрсетті. Лицей психологы мұғалімдерге «Модель значимых качеств учителя» атты тренинг өткізді. Одан кейін марапаттау рәсімі өткізілді. «Ғылымға қадам» номинациясы бойынша география пәні мұғалімі Абдрахманова А.С., информатика пәні мұғалімі Потапенко Е.В., биология пәні мұғалімі Абдрахманова Р.А., Сейфулдинова Ғ.А., химия пәні мұғалімі Құнанбаева А.С., марапатталады. Мұғалімдер жыл бойы өткізілген олимпиада, ғылыми жарыстарда оқушыларды үлкен жетістіктерге жетеледі. «Білім - қуат» номинациясы орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Шестак А.И. мен ағылшын пәні мұғалімі Бақтыбаева С.Ш.-ға ұсынылды. Мұғалімдер «Қазақстандық интернет-олимпиада - 2012» республикалық педагогикалық олимпиададан ең үздік нәтиже көрсетті. «В ногу со временем» номинациясы бойынша  батылдығы мен  қызықты сәтті өткізілген «Он-лайн сабағы» үшін математика пәні мұғалімі Борамбаева Г.А. марапатталды. «Үздік ашық сабақ» номинациясымен математика пәні мұғалімі Безрукова Л.В. мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Үкібаева А.М. марапатталды.
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» номинациясымен тарих пәнінің мұғалімі Жуаспаева Г.К., ағылшын тілі мұғалімі Бусыгина Т.В. математика пәні мұғалімі Бактыбаева А.К. марапатталды. «Компьютерный гений» номинациясын «Web-сайт» облыстық конкурсының бас жүлдесін жеңіп алған Қарсақов С.А. мен Мұқтарұлы Шынар марапатталды.
Сонымен қатар «Ең үздік әдістеме бірлестік» номинациясы жеңімпазы анықталды. Ол - ағылшын тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі. «Молодо – не зелено» номинациясымен жас маман, математика пәні мұғалімі Гмыза Д.Г. марапатталды. Оқушылары олимпиадаларда, ғылыми жарыстарда, математикалық жарыстарда жоғары нәтижеге ие болды. «Шығармашыл ұстаз» номинациясымен қазақ тілі пәні мұғалімі Түндебаева К.Қ. марапатталды. «Самый классный классный» номинациясын 9 а сынып жетекшісі Кожамуратова Ж. С. марапатталды.

 

20.04.2012 ж. Менделеев халықаралық олимпиадасы қарсаңында №20 дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын арнаулы лицейде химия пәнінен онкүндіктің өтуі туралы
АҚПАРАТ
      ҚР білім және ғылым министрлігінің орта және мектепке дейінгі білім департаментінің 2011 ж. 1 қыркүйектегі №02- 211074 хатына сәйкес, Менделеев халықаралық олимпиадасын өткізу жоспарланды.
Осыған орай, лицейде Менделеев олимпиадасына арналған іс-шара жоспары құрастырылды, химия онкүндігінің кестесі құрылды.
      Бұл онкүндік пән мұғалімдерінің біліктілігін, дарынды балаларды анықтау және олардың шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында 2011ж.21-30 қараша аралығында өткізілді.
Лицейде жоспар бойынша келесі іс-шаралар өткізілді:
-9-сыныптар  арасында «Көңілділер мен тапқырлар клубы» сайысы;
-9Б сыныбында «Фосфор, ПСХЭ-жағдайы. Атом құрылымы, фосфордың  физикалық және химиялық құрамы» тақырыбында ашық сабақ;
-8Б сыныбында «Ауа-газдың қосындысы» тақырыбында ашық сабақ;
9-10 сыныптарға арналған «Химиялық ғажайып әлеміне саяхат» сыныптан  тыс іс-шара;
-8-сыныптар арасында «Химияны оқып үйренемін» тақырыбында сыныптан тыс іс -шара;
-«Металдардың адам өміріндегі мәні»-танымдық кеш;
-жоғары сыныптарға арналған «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны;
-«Химия және экология» тақырыбына реферат сайысы;
- 8-11 - сыныптарға арналған ғылыми жобалар жарысы;
- 5-7 - сыныптарға арналған ғылыми  жобалар жарысы;
- Ә.С.Құнанбаева химия пәнінен интернет олимпиадаға қатысты(01.03.2012);
- 8-10 - сынып оқушылары облыстық  «Дарын» ауысым мектебінде білімдерін  тереңдетті (қараша, қаңтар, наурыз);
-8 - сынып оқушылары Астана қаласындағы  НЗМ-де білім алды (16-17 наурыз).

20.03.2012 ж. №20 ДБАЛ-да 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Балалар құқығының Конвенциясын бұзу – балалық шаққа қарсы тұру» тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Ұйымдастырушылар келесі мақсатты сипаттады. «Конституцияға сәйкес, барлық демократиялық мемлекетке тән байлық – адам, оның құқығы және абройы. Басқа адамның құқығын құрметтеуді үйретуден бұрын, алдымен әр азаматты өз құқығын құрметтеуге үйрету керек және оны жас кезінен бастаған жөн. Барлық қоғамда ең негізгі тұлға болып есептелетіндер: балалар және оның құқықтары. Сол себептен, БҰҰ – әлем қоғамдастығы үлкендер мен балалардың қарым-қатынасын үйлестіретін адам құқығының Декларациясынан кейін балалар құқығы Конвенциясын қабылдады».
Кездесу барысында оқушылар ҚР Жоғарғы ұйымдарысынң құжаттарын ратификациялау және Конвенцияның қабылдану тарихы жайлы хабарлама дайындады және еліміздегі балалар құқығын алдын-ала сақтау үшін статистикалық шараларды келтірді.
Дөңгелек стол кезінде оқушылар ересек азаматтардың балалар құқығын кейбір кездерде сақтамайтынын айтып, балалық шаққа қарсы заң бұзушылықты назарға ұсынып, оны шешудің жолдарын қарастырды. Презентациядан кейін оқушылар келген қонақтармен – Алматы облысының балаларды қорғау департаментінің бас маманы Г.Д.Есигалиевамен, Жолдасбеков атындағы құқық және экономика Академиясының оқытушысы И.В.Левицкаямен, Талдықорған қалалық ІІБ полициясы, майор Макен Данагүлмен әңгімелесті. Лицейшілер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына нақты жауаптарын алып, адам құқығын сақтау – елеміздегі заң бұзушылықты азайтуға әкелетін бірден-бір шарты екенін түсіндірді. Келген қонақтың біреуі кездесу жайлы өз пікірін былай деп жеткізді: «Бізге лицей оқушыларының негігі проблемаларды шешудің тиімді жауабын ұсынып отырғандарына ризамын. Ол – жас буындардың қазіргі проблемаларды қабылдай алмайтындарын және болашақта әрқайсысы басқа азаматтардың құқығын қорғай алатындарына бағытталады. Бұл – жақсы азаматтық ұстаным».

2012ж. 29.01-06.02. аралығында Алматы облысы оқушыларының  құрама  командасының Ресей Федерациясы Мәскеу облысы Протвино қаласында  өткен Халықаралық «Компьютерлік физика-2012»  жарысына қатысу нәтижесі туралы мәлімет

        1. Асылбек Алибек -  Талдықорған қаласы  №20 ДБАЛ , 11сынып   1-орын 
        2. Садыри Айғаным- Талдықорған қаласы  № 20 ДБАЛ , 11сынып , 1-орын

 

2012  жылдың 26-27 қаңтар айында Талдықорған қаласындағы  Назарбаев  зияткерлік мектебі базасында өткен   облыстық пән олимпиадасына лицейдің 80 оқушысы қатысып, оның  43 –і жүлделі І,ІІ, ІІІ дәрежелі  Дипломмен және  медальдармен марапатталды. 

Құттықтаймыз!

24-25 қаңтарда өткен Республикалық «Зерде» ғылыми шығармашылық ізденіс жұмысына  №20 ДБАЛ бойынша  23 оқушы қатысып, өз лицейлерін биік дәрежеде көрсете білді.
Жарайсыңдар, жас лицейлік дарындар!
Жеңістің тұғырынан көріне беріңдер!

2012 жылдың қаңтар  айының 10-ында  облыстық   «Дарын»  ғылыми жоба қорғау    турында лицей оқушылары  жүлделі І,ІІ,ІІІ орындарды жеңіп алды..
Жеңістерімен құттықтаймыз!

1орын -5, 2-орын -14,  3-орын -7   Барлығы -26 орын

 

 2011жылдың желтоқсан айында  өткен қалалық  «Дарын»  ғылыми жоба қорғау    турында лицей бойынша    үміткерлер қатысып, 25 жүлделі І,ІІ,ІІІ орындарды жеңіп алды..

Жеңістерімен құттықтаймыз!

20.12.2011 г.
Ғылым күні
Талдықорған қаласындағы  №20 Дарынды балаларға арналған лицейде 2011 жылы 20желтоқсанда  «Ғылым күні»  өтті. Бұл іс-шара жыл сайын өтетін дәстүрге айналған. 5-10 сынып оқушылары бұл күні өздерінің жобаларын ағылшын тілінде қорғайды.  Ғылым күнінің қатысушыларына  үлгі ретінде  9 А сынып оқушысы Нұрғалиева Меруерт «Мақал-мәтелдер қазақ және ағылшын халықтар өмірінің айнасы ретінде» атты зерттеу жұмысын қорғады. Нұрғалиева Меруерт қалалық «Дарын» ғылыми жобалар қорғау байқауында  2-ші орынды иеленген . Сондай-ақ келесі оқушылар төмендегідей тақырыпта жобаларын қорғады.
1. 6 «Б» сынып оқушысы Бакытбайкызы Айым, «Қазақ, Британ, Америка этикеттері» тақырыбында.
2.8 «А» сынып оқушысы Аскар Акмарал, «Адамдар мен жануарлар арасындағы айырмашылық» тақырыбында.
3. 8 «А» сынып оқушылары  Жарманова Алия и Хамит Сабина,   «Ауызекі тілдегі фразалық етістіктер» тақырыбында .
4. 8 «А» сынып оқушысы   Морозова Дарья, «Дене мүшенің тілі»тақырыбында
5. 6 «Б» сынып оқушысы Исатаев Жанторе,   «Сәттілік пен өмір сүру қағидасы»тақырыбында.
 Барлық жобалар өте қызықты болды. Келешекте бұл жұмыстар қалалық  және  «Дарын», «КҒА», «Зерде» байқауларға  қатыстыруға болады деген пікір айтылды.

 

20.12.2011 г.           
  2011-2012 оқу жылындағы бірыңғай ұлттық тестілеуге арналған мәлімет
       11-сынып оқушыларынан 1 қыркүйек пен  20 желтоқсан аралығына дейін 10 тест, 10- сыныптардан 2 тест алынды.
       Тестілеу қорытындысы бойынша пән мұғалімдері әр нұсқамен қорытынды сараптама жүргізеді, мониторинг жасайды, кейбір мәселелер бойынша түзету жұмыстары, қатемен жұмыс  үнемі жүргізіліп отырылады.
       Оқушылармен жүргізілетін топтық, жекелеген жұмыстар, дайындық  сабақтар жүйесі енгізілген. Мектеп бітірушілермен психолог  жұмыстар жүргізіп,  кеңес беріп отырады. 

 

25.10.2011ж. «ДАРЫН» РСМ-не түсу үшін бірінші туры болып өтті.
2011-2012 оқу жылына «ДАРЫН» РСМ-не І турдан өткен оқушыларды

Құттықтаймыз !

1

Досқұмарова Нүргүл

11а

математика

2

Кумарбеков Тимур

математика

3

Мақсат Асқар

математика

4

Джаксыбаев Мади

математика

5

Ертіс Даулет

10а

математика

6

Топаев Тимур

информатика

7

Жексенбай Айтолқын

9 а

тарих

8

Сапиева Жібек

9 а

қазақ тілі

9

Тарыбай Диана

9 а

тарих

10

Онищук Карина

8 кл

математика

11

Октаев Уайс

9 а

математика

12

Жұмаділ Айым

9 а

физика

13

Жарманова Әлия

тарих

14

Абдығали Әсел

тарих

15

Маупышева Назым

қазақ тілі

16

Болатбекова Мөлдір

қазақ тілі

17

Жексенбаева Айжан

10 а

тарих

18

Мисебаева Гаухар

10 а

тарих

19

Курмангалиев Тахир

10 б

физика

20

Ким Алексей

10 б

математика

21

Курмангалиев Тахир

10 б

математика

22

Горбачев Виктор

10 б

математика

23

Дуспаев Алишер

10 б

физика

24

Қоныр Алима

9 а

химия

25

Жазықбаева Диляра

10 а

химия

26

Ниязова Рамина

10 б

химия

27

Ни  Дмитрий

химия

28

Абылкасымов Расул

химия

29

Топаев Тимур

информатика

30

Вон Виталий

10 б

информатика

31

Конебеевский Егор

10 б

информатика

32

Масанов Төленді

9 а

информатика

33

Әдепбеков Елдос

информатика

34

Болатбекова Мөлдір

биология

35

Қадыралы Аяулым

биология

36

Маупышева Назым

биология

37

Қаламбеков Мерей

11а

биология

38

Цой Маргарита

история

39

Разбеков Артур

биология

40

Абдыкадыров Данияр

биология

 

Келесі этаптарда сәттілік тілейміз !

01.10.2011ж.

«Дені саудың- жаны сау»
01.10.2011 жылы №20 ДБАЛ «Дені саудың- жаны сау» тақырыбында Денсаулық күні өткізілді. Спорт алаңында 5-8 сыныптарға ойындар ұйымдастырылды. 5 - сынып оқушыларына эстафеталық жүгіру, «Арқан тартыс» жарысы, 7-8 сынып ер балаларына  турникте тартылу, қыздарға  төмен     турниктен тартылу жарыстары ұйымдастырылды..
Қорытындысы бойынша І орынға 5 «А»,6 «Б», 7 «Б»,8 «Б» сынып оқушылары ие болды.
Осы  Денсаулық  күні аясында 9, 10, 11 сынып оқушыларына  Текелі қаласында орналасқан «Эдельвейс» мәдени - сауықтыру лагеріне саяхатқа шығу ұйымдастырылды.
Саяхат барысында «Эдельвейс» спорт-сауықтыру лагерінің әкімшілігі мен жетекшісі мәдени-сауықтыру   іс-шаралар жоспарымен таныстырды.
«Өз тарихынды, өз өлкеңды сүй, таны, зертте! »  ұранымен  тау бөктерлеріне саяхат жасалып, оқушылар өлкенің тарихи жерлерімен таныстырылды. Саяхаттан кейін «Күзгі бал» кеші өткізілді. Кеште әр сынып өздерінің ханзадалары мен ханшайымдарын күздің жапырақтары, гүлдері т.б. өнімдерімен әшекейлеп, киіндіріп шығарды. Түрлі ойындар ойналды, ән салынды. Кештің соңы дискотекамен аяқталды. Балалар ұйқыға жатар алдында, лагердің алаңына шығып алау жағып, ән салды.
«Эдельвейс» спорт-сауықтыру лагерінінің жетекшісі Көгершін Бекбосынқызы жиын өткізіп, іс-шаралар бойынша марапаттау қағаздарын тапсырды.
Барлық жоспарланған іс-шараларға оқушылар ризашылық білдіріп, «Эдельвейс» спорттық-сауықтыру лагерінің әкімшілігіне алғыстарын айтты.

27.09.2011ж.

Мұғалім болу – тамаша !
Мұғалімдер күні ...  Мектеп фойесі мен кіреберісі шарлармен,  оқушылардың ұстаздар туралы ой-пікірлері, құттықтау өлеңдері жазылған қабырғалықтарымен безендірілді. Лицей түлектері  ұстаздарды гүл шоқтарымен  қарсы алып, әр мұғаліммен бірге суретке түсті.. Мұғалімдерді таңғалдырғаны - естелікке берілген сурет. Осы күні сабақтарды 11- сынып оқушылары өткізсе, мұғалімдер 12 сынып болып топтастырылды..
Ұстаздар түлектерін мақтан тұтады, өйткені олар мұғалім міндетін жоғарғы деңгейде атқара білді. Мұғалім болу қаншалықты қиын екенін түлектер сезе білді. Осы күннің қорытындысында мектеп бітірушілер мұғалімдерге мерекелік концерт ұйымдастырды.
Бағдарламада 11 сынып оқушылары ұстаз-шәкірт бірлескен «Қос жұлдыз» ән шашуын ұйымдастырып, сүйікті әндерін орындады. КВН, би топтары көрермендердің көңілінен шығып, кешті аяқтады.

27.09.2011ж.

«2011 жыл мұғалімі» байкауының қортындысы
2011 ж. Сәуір айында қала мектептері білікті мамандарының арасында «Жыл мұғалімі 2011» байқауы өткізілді. Бұл жарысқа дарынды балаларға арналған үш тілде оқытылатын №20 лицейден Гүлмира Қорғанбекқызы Жуаспаева қатысты. Гүлмира Қорғанбекқызы лицейдің даңқын берік ұстап, 1 жүлделі орынға ин болды.
2011 жылдың қыркүйек айында өткен облыстық «Жыл мұғалімі-2011» байқауында Гүлмира Қорғанбекқызы Талдықорған қаласының намысын қорғады.Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін анықтау мақстатында байқауда келесі қабілеттер есепке алынды: дарындылығы, шығармашылығы, жан-жақтылығы, кәсіби деңгейінің жоғарылығы, жеке авторлық ойы, жоғары ғыылыми-әдістемелік шеберлігі, педагогикалық мәдениеті.
Өзін-өзі таныстыру кезінде-ақ Гүлмира Қорғанбекқызы өзінің мазмұнды сөздерімен, шығармашылық шеберлігімен қатаң баға беріп отырған әділқазы алқасының көзіне түсе білді. «Сабақ өткізу», «Қойылым сабақ», «Оқушылармен  сұхбаттасу» бөліктерінде, педагогикалық-психологиялық тестілеу кезінде Гүлмира Қорғанбекқызы ең жоғарғы көрсеткіштерге жетті.
Байқау нәтижесінде әділқазы алқасының бірауызды даусымен жүлделі орынды иеленіп, І дәрежелі Дипломмен марапатталды.